Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу басталды.
«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қазақстандық республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа, түркі мемлекеттері ұйымы елдері: Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері қатысады.
ТЖМ
«Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Тұрғындардың белсенді қатысуын сұраймыз», – делінген хабарламада.
«Жер-2023» оқу-жаттығу екі күнге созылады.