Қазақстан Халқы Ассамблеясы тәуелсіз еліміздің өтпелі кезеңіндегі дағдарысты ырықтандыруға өз әсерін тигізе алды деп есептеуге толық негіз бар.
Атап айтар болсақ, 1994 жылы инфляцияның көлемі 1158,3 пайызды көрсетсе, осы жылы эмиграцияға кеткендер саны 477 068 адамды кұраған болатын. Олардың басым көпшілігі Ресей мен Германияға кеткені белгілі.Міне, осындай алмағайып жағдайда қазақ елінің болашағын бас біріктіріп ғана баянды етуге болатындығын түйсінген Қазақстан Халқы Ассамблеясы көпұлтты Отанымыздың қарымды қадамдар жасауына ықпал ете алды. Еске түсірер болсақ, дәл осы Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған 1995 жылы Қазақстан Республикасында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама да қабылданған болатын. Тиісінше,инфляция бірден 60.3 пайызға төмендесе, эмиграцияға кеткендер саны 168 мыңға азайды. Аталған жылы нақты нарықтық қатынастарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар тізбегі де барынша көбейген еді.
Сейдахан Бақторазов,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, өңірлік ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі