«Дәрігерлер омикрон шығар деді»: Тележүргізуші Майя Бекбаева коронавирус жұқтырды

  Танымал тележүргізуші Майя Бекбаева коронавируспен ауырып қалды. Дәрігерлердің болжамынша, Майя қазір кең таралып жатқан «омикрон» штамын жұқтырған. Тележүргізуші бір апта бойы жөтеліп, дене қызуы көтеріліп шыққанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Достар, сақ болыңыздар! Кімнен сұрасаң да, айналада бәрі ауырып жатыр. Біз де бармыз. Жоғары температурамен, жөтелмен үйде бір апта жаттық. Менің ПТР тестім оң нәтиже көрсетті. Дәрігерлер бұл омикрон шығар деді. Өте жұқпалы, бірақ жеңіл өткеріледі. Көп мөлшерде жылы су, дәрумендер ішіп емделдік. Ыстығымыз көтерілгенде ибупрофен іштік. Бүгін біраз жеңілдедім», – деп бөлісті Бекбаева.

Тележүргізуші әлі бір апта карантинде болатынын айтып өтті. Ол жөтелді емдеу үшін ешқандай дәрі ішпегенін, тек тамақты жиі-жиі шайғанын жеткізді.

Comments (0)
Add Comment