Ер адам Балқаш қаласы орталық ауруханасының дәрігерлері науқастардан ақша алу үшін оларды өлтіруден тайынбайтынын айтты. Ол өзі де бұл жағдайдан өлген адамның кейіпін танытып аман қалған.
Бір ажалдан аман қалған ер адамның жан шошырлық оқиғасы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Ер адам Балқаш қалалық орталық ауруханасы өзіне күш көрсетіп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын айтады. Сол жерде оны байлап ұстап, укол салған.
Ал дәрігерлер науқасты іздеп келген туыстарына оның жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын, аппаратты өшіріп тастаса өліп қалуы мүмкін екенін айтқан.
Шын мәнісінде түтікшенің тыныс алу жолдарын бітеп тастап, ер адамды өлтіру амалдарын жасаған.
Тыныс алмай, сілекей жұта алмайтындай етіп қойды. Дәл мал байланғандай аузымды тіліммен қосып байлап тастады,
Адам шошырлық оқиғаны білгеннен кейін туыстары полиция мен Денсаулық сақтау министрлігіне шағымданып, бұл оқиғаны кеңінен жариялай бастаған.
Интернетте тараған аудиожазбада ер адамның туысы ауруханада не болғанын айтып, дәрігерлердің неліктен оны өлтіргісі келгенін түсіндіреді.
«Қазір ҰҚК дәрігерлерді тексеріп, алып кетті. Біз ҰҚК барлығын аяғынан тік тұрғыздық. Бұлар (дәрігерлер — ред) түнде бір адамды өлтіріпті. Ал Қанат өтірік есінен танып қалған адам секілді жатып, бәрін естіген. Үшеуі (дәрігерлер — Шамамен ред.) ақша бөлісіп: «Тағы бір адамды өлтіреміз, бәрібір ақша аламыз» деген. Қанаттың да бүйрегіне, әр жеріне укол салып кеткен. Сосын, «Ертең тағы да өледі ғой, әзірге осы ақшаны алайық. Ертең басқа біреуді өлтіреміз депті», — дейді аудиожазбадағы әйел.
Қарағанды облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша шағым түскенін растады.
Аталған дерек полицияға тіркелді. Балқаш қаласы орталық ауруханасының қызметкерлеріне қатысты шара қолдану үшін материал Қарағанды облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды,