Covid-19: 199 адамның жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4 қаңтардағы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандар туралы мәлімет жарияланды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 631 адам коронавирус инфекциясынан (–14 717+ және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 153 пациент стационарда жатыр, 14 478 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 199 адамның жағдайы ауыр, 65 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Comments (0)
Add Comment