Чернобыль құрбандарын еске алды

    «Жеңіс» саябағының «Чернобыль» атом электрстанциясының зардабын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштің алдына Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 36 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қалалық мекемелер, кәсіпорындар, жоғары жәнеарнаулы оқу орындарының басшылары, денсаулықсақтау мекемелері мен мектеп ұжымдары қатысты.
32 мыңға жуық қазақстандық 1986 жылы Чернобыль АЭС-індегі жарылыстың зардаптарын жоюға қатысқан. Бүгінде 5 500 адам тірі қалып отыр. Ядролық апаттан тірі шыққандардың көпшілігі сәулеленудің жоғары дозаларынан туындаған аурулардан қайтыс болған. Сену қиын, бірақ кейбір чернобыльдықтар, олардың айтуынша, әлі күнге дейін жоғары сәуле шығарады. Сондықтан 1986 жылғы 26 сәуір миллиондаған адамдар үшін қаралы күн саналады.

Comments (0)
Add Comment