Былтыр Жамбылда 755,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы Жамбыл облысында 755 227,0 шаршы метр тұрғын үй салынды.

Облыста пәтер алу кезегіне 39 503 азамат тіркелген. Кезектегі тұрған адамдарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылады.

2024 жылы 2 830 баспана кезектегі азаматтар әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға беруге 1 671 пәтер сатып алынды.

2024 жылы облыс аумағында «Отбасы банк» АҚ-ның «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары арқылы 840 отбасы баспаналы болды.

2025 жылы  бюджет қаражаты есебінен 2 550 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде, Тараз қаласындағы «Әулие Ата» (14) жаңа шағын ауданында (автобекет маңындағы) 2024 жылы құрылысы бастау алған 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын ағымдығы жылы аяқтау жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін 7,7 млрд. тг. өтінім ұсынылды.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 361 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Comments (0)
Add Comment