Бутик тонаған бүлікші жұртты күлкіге қарық қылды (Видео)

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласындағы бірқатар сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандары тоналғаны белгілі. Бетін бетпердемен жаппаған бүлікшілердің бірі оқиға орнында ұялы телефонын да ұмытып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған ұрының видеосы Instagram-дағы Vorkzonline парақшасында жарияланды. Онда жас жігіттің қаладағы бутиктердің бірін тонап жатқанын көруге болады. Бір қызығы, бетін бүркемелемеген жігіт айнаға қарап, шашын тарап емін-еркін жүр. Керек заттарын алып шыққан ол қылмыс орнында телефонын қалдырып кеткен. Әзірге күдіктінің аты-жөні белгісіз.

 

Алаңғасар ұрының әрекеті қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

«Мынау үй шаруасына мығым екен, бәрін үйге», «Жылдың үздік тонаушысы», «Өзінің клинингтік компаниясы бар шығар?», «Ұрлай алмайтыны бар, тыныш отырмай ма?!» деген сынды пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

Comments (0)
Add Comment