Бурхан Жансейітов үйқамаққа алынды

Бурхан Жансейітов үйқамаққа алынды деп хабарлады turkystan.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Қалалық соттың мәліметінше, Бурхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынған.

«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б.Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды», – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, 15 шілдеде Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда заңгер Бурхан Жансейітовтің ұсталғаны туралы хабарлады. Республикалық адвокаттар алқасы  Бурхан Жансейітовті адвокат емес деп мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Comments (0)
Add Comment