Кітапханада жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға оқырмандар қоғамда жиі кездесетін агрессия түрлерінің себептері мен салдары туралы пікір алмасты.
Шара барысында мамандар буллингтің психологиялық және әлеуметтік аспектілерін түсіндіріп, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, ақпараттық сауаттылықты арттыру және агрессияға қарсы дұрыс әрекет ету жолдары жайлы ұсыныстар берді.
Қатысушылар киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер, әлеуметтік желілердегі этика, онлайн-қорғаныс құралдары, сондай-ақ құрдастар арасындағы сыйластық мәдениеті жөнінде ой бөлісті.
Дөңгелек үстел қорытындысында балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына жағдай жасау – мектеп, оқу орындары, ата-ана және қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.