Осыдан 34 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағынан шығарылған болатын. 1979 жылы басталып, 10 жылға созылған қанқұйлы соғыста Кеңес Одағының 15 мыңнан астам жауынгері қаза тапты. Ал елімізде бұл майданға 22 мыңнан астам жауынгер қатысып, оның 889-ы майдан даласында оққа ұшса, 30-ға жуығы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Сондай-ақ 3 мыңнан астам қазақстандық майданнан мүгедек болып оралды.
Соғысқа аттанғандардың 2 мыңы жамбылдық болса, оның 600-ге жуығы Тараз жерінен аттанған. Сондықтан бұл күннің әулиеаталықтар үшін маңызы ерекше. Осыған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, майдангерлер мен зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағындағы Ауған соғысының ардагерлеріне арналған кешенге гүл шоқтарын қойып, боз- дақтардың рухына тағзым етті. Ерлік пен елдік даңқын дәріптеген шарада тағылым мен тәрбиеге толы естелік әңгімелер де айтылды.
Құрмаш Қаптағай