Болат Назарбаев тергеуге алынуы мүмкін екені хабарланды

   Ведомствоаралық тергеу тобы (ҰҚҚ, Антикор, ҚМА) Болат Назарбаевтың мемлекеттен кең көлемде ақша жымқыру фактілерін, және ең бастысы «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастыруға қатысын да іздестіруде. Бұл туралы «DALA инсайд» телеграм-каналы каналы хабарлады. Телаграм канал мұндай мәліметті өзінің органдарға жақын дереккөзі бөліскенін жазады.

«Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдыны тергеу процессінің экономикалық кезеңі аяқталуға жақын және қазіргі фокус «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастыру барысына ауысты. Тергеу осы істерге Болат Назарбаевтың қатысы бар ма, соны білгісі келеді. Бірақ, соңғы ақпараттар бойынша оның өзі Қазақстанда жоқ. Қырғызстанның kloop.kg ақпарат агенттігі Болат Назарбаевтың қаңтар оқиғасы кезінде Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткенін хабарлаған болатын. Одан кейін ашық деректерде оның Қазақстанға оралғаны жөнінде ақпарат шыққан емес» делінген ақпаратта.

Ақпараттың рас-өтірігін тек ресми органдар ғана растай алады.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне айрықша статус беретін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңға сәйкес, Назарбаев пен отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондықтан құзырлы органдардың Болат Назарбаевты тергей алатыны, я алмайтыны нақты белгілі емес. Алайда жуырда әділет министрі Қанат Мусин аталған заң Елбасы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері ғана қолданылатынына назар ауданып, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны қамауға алу Елбасы туралы заңға қайшы келмейтінін мәлім еткен.

 

Qamshy.kz

Comments (0)
Add Comment