Болашағы жарқын білім ордасы

Су шаруашылығы мамандары Таразда даярланады

М.Х.Дулати университетінің тарихы сонау 1958 жылдан бастау алады. Бастапқыда университет «Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты» болып құрылған. Кейіннен, 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды.

1963 жылы Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді. Содан кейін ғана 1998 жылы Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды.
16.07.2024 жылы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Су шаруашылығы және ирригация жүйесінде «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы қаулы қабылданды, осы орайда жаңа жоғары оқу орны болашақ су кадрларын даярлау үшін негізгі білім ошағы болмақ.
Қазіргі таңда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының негізінде жүзеге асырылуда. Университеттің даму тарихы тікелей Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының (ЖГМҚИ), М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің (ТарМУ), қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің (ТарӨУ) даму тарихына тікелей байланысты.
Университеттің мақсаты – әлемдік стандарттарға сай сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Сондай-ақ заманауи кәсіби және басқа да сұранысқа ие жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру.
1947 жылдан бастап 1963 жылға дейін республиканың су шаруашылығында Қазақ ауыл шаруашылығы институтының гидромелиорация факультетінің түлектері жұмыс істей бастады.
Республиканың су және ауыл шаруашылығына инженер-гидротехниктердің үлкен ағыны 1962 жылдан бастап Жамбыл қаласында Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институты ашылғаннан кейін басталды. Институтта келесі мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау жүзеге асырылды: гидромелиорация, өнеркәсіптік, азаматтық және гидромелиорациялық құрылыс, сумен жабдықтау және кәріз, гидромелиорациялық жұмыстарды механикаландыру.
Институт ғалымдары Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстанның жетекші ғалымдарымен бірлесіп, Арал бассейнінде суды ұтымды пайдалану және су және жер ресурстарын қорғау бағытындағы көптеген бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.
Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру институтының директоры қызметін техника ғылымдарының докторы, доцент Омарова Ғалия Еділбекқызы атқаруда.
Қазіргі уақытта Су шаруашылығы және табиғат орналастыру институтында білім алушыларды оқыту 9 кафедрада жүзеге асырылуда. Тоқтала кететін болсақ, бакалавриаттың 28 бағыты бойынша, магистратураның 12 бағыты бойынша және докторантураның 2 бағыты бойынша жүзеге асырылуда. Оқу процесінде 150 оқытушы-профессор құрамы қамтамасыз етеді, құрамына ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, PhD докторлары және аға оқытушы, оқытушымен жабдықталған. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін студенттерді (магистранттар мен докторанттарды) қабылдау жүзеге асырылатын болады, өйткені бірінші курсты есептемегенде білім, алушылар саны артады.
Гүлназ Исмайлова, талапкер:
– Мен физика-математика бойынша су шаруашылығын таңдадым. Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – су шаруашылығы. Оны дамыту – біздің парызымыз. Сол себепті мен алдағы уақытта осы саланы жоғарғы деңгейде игеріп, мамандықтың дамуына өз үлесімді қосқым келеді.
Сонымен қатар бітіруші түлектерге де тиісінше жағдай жасалған. Университетте студенттерді өндірістік кәсіпорындардың көмегімен жұмыспен қамту қарастырылған. Бұл дегеніміз – әрбір бітіруші түлектің алдында өз мамандығы бойынша, беделді жұмыс таба отырып, болашақта өзін-өзі қамтамасыз ете алу мүмкіндігі жоғары деген сөз. Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесін қарастыру нәтижесінде жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер жас мамандарды бос орындар және қазіргі еңбек нарығында қажетті мамандарға қойылатын талаптар мен жұмысқа қабылдау ережелерімен таныстырады.
Өндірістік тәжірибелер әр бағытына сай кафедраларда жасалынған жетекші мекемелермен келісімшарт негізінде және мекемелердегі кафедралардың филиалдарында жүргізіледі.
Институт кафедраларының аталуы:
– Су ресурстары;
– Мелиорация және агрономия;
– Жерге орналастыру және кадастр;
– Сәулет және құрылыс өндірісі;
– Құрылыс және материалдар өндірісі;
– Мұнай-газ және тау-кен ісі;
– Экология және қауіпсіз тіршілік ету;
– Энергетика;
– Көлік және машина жасау.
2023 жылы «Ташкент ирригация инженерлері және ауыл шаруашылығын механизациялау институты» ұлттық зерттеу университетімен (Өзбекстан) бакалаврлар мен магистрлердің қос дипломдық білімі туралы келісім жасалып, студенттер білім алуда.
Сонымен қатар аймақта су саласы мамандықтары бұған дейін Тараз өңірлік университетінің құрамында оқытылып келді. Бірнеше жылды құраған техникалық база қазірде ескірген. Сол себепті жаңа ұжым құрылғылардың 90%-ын жаңартуды жоспарлаған. Ағымдағы жылдың сәуір айында Ғылым мен техника жөніндегі Ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев гидромелиоративтік-құрылыс институтын қажетті материалдық-техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ете отырып, қалпына келтіруді тапсырған. Осы тапсырманы орындау мақсатында Үкімет «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Дулати және оның негізінде екі университет: «М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы («ТарУ» КЕАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып екіге бөлінді. Осылайша арнайы оқу орны су шаруашылығы және ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде дайындайтын болады.
Университетте қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдарымен, мультимедиалық жабдықтармен, іске асырылатын білім беру бағдарламаларына, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған оқу және арнайы ғылыми-зерттеу стендтерімен жабдықталған ғылыми зертханалар және аудиториялардың қажетті мөлшерде жабдықталған, сонымен қатар суару техникасының полигоны бар.
Су саласының мамандарын даярлау барысында мамандықтардың оқу жоспарында көзделген толық көлемде зертханалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін оқу және оқу-ғылыми зертханаларының қажетті кешені бар, олар: гидравлика және гидротехникалық құрылыстар бойынша мамандандырылған зертханалар, суармалы техниканың оқу полигоны, ауыл шаруашылығы мелиорациясы зертханасы, мелиоративтік топырақтану, егіншілік және өсімдік шаруашылығы және гидромелиорациялық жүйелерді салу технологиясы зертханалары.
Өткен жылдары су саласына Қазақстан бойынша дайындайтын жоғары оқу орындарына 328 грант бөлінетін, бірақ осы бөлінген гранттардың тек 30 пайызы ғана игерілетін. Бұл жағдайға алып келген себептер, ол: су саласында жас мамандарға қажетті жұмыс орындарының болмауы, еңбекақыларының төмен болуы (80-120 мың теңге), әлеуметтік жағдай жасайтын бағдарламалардың болмауы. Осы себептерге байланысты су саласы артта қалып қойған.
Өткен жылы болған Жамбыл облысындағы қуаңшылық, биылғы республикамыздың 60 пайызын басқан төтелеп келген су тасқыны сияқты қауіпті ахуалдар елімізге су мамандарының қажеттілігі, гидротехникалық инфрақұрылымның жағдайының төмендеуі, тозуы және бұзылуы, сонымен қатар табиғаттың тылсым құбылысы нәтижесінде болатын климаттық өзгерістерді алдын ала болжам жасау нәтижесінде, қажетті іс-шараларды жүргізуге дайындық жұмыстарын жүргізуге су саласының санаты жоғары мамандардың қажеттілігін айқындады. Осы орайда қабылданған қаулы дәлел болып отыр.
Ағымдағы 2024-2025 оқу жылына жаңа ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне «Су шаруашылығы және суды пайдалану бағыты бойынша» – жеке 210 грант, «Гидротехникалық құрылыс» бағыты бойынша – 20, «Елді мекенді сумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 20 грант бөлінген. Сонымен қатар жергілікті орындаушы органдар бойынша қосымша 5 грант бөлінді. Қазіргі таңда грант иегерлерімен қатар, бакалавриатқа, арнайы орта білім және жоғары білім негізінде қосымша оқуға шаруашылық есеппен оқуға қабылдау ағымдағы тамыз айының 25 жұлдызына дейін қабылдау жүргізіледі. Университетке жоғары оқудан кейінгі бөлімге магистратура және докторантураға қабылдау жүргізілуде. Оқу орнының биылғы жаңалығы, бірінші рет мемлекеттік қызметте 5 жоғары үздіксіз жұмыс істеген мамандарға салалық (профильный) магистратураға оқуға түсуге мүмкіндік жасалуда. Сонымен қатар мамандар оқуға түсуге емтихансыз да қабылданады. Қазіргі таңда жаңа университетке оқимыз деген абитуриенттердің саны 500-ге жақындады, оның су саласына түскені 120-дан асты және құжаттарын рәсімдеп жатыр.
Оқу орнының қазіргі кездегі басты талаптары, су саласына түсу үшін оқу бітірушілер математика-физика бағытын таңдауы тиіс және биылғы жылы су саласына грант иегері болуы үшін төмен шектік 50 балл қойылды.
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде оқу процесі 6.1 және 6.2, «0» оқу корпустарында, бокс және спорт залдарда, стадионда жүргізіледі, Жастар сарайында барлық іс-шара өткізіледі, сонымен қатар әскери кафедра, жатақханамен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда су саласының мамандарына сұраныс өте жоғары. Өндіріс сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында біздің болашақ ұлттық университетіміз Жамбыл облысымен қатар, республикамыздың барлық өңірлерін сапалы мамандармен қамтамасыз етеді.

Айнура СЕЙДІЛДАЕВА

Comments (0)
Add Comment