Болашақтағы кәсібің – өмірлік нәсібің

   Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты  өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы  танымдылығын арттыру, психологиялық-педагогикалық көмек болып табылады. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген әрбір оқушының алдында мамандық таңдау мәселесі тұратыны анық.

Қазіргі уақытта бұл өте маңызды болып отыр. Өйткені, еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік оқушылар мен олардың ата-аналарын осы тақырып бойынша ойлануға мәжбүр етеді. Оған дұрыс жауап адамның алдағы тағдырына әсер етеді. Әсіресе, мектепті бітірген жас адамға мамандықтың үлкен әлемінде өз орнын табу қиынға соғады. Кәсіби бағдар жұмыстарының мақсаты болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсету. Оқушыларға кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Ол қоғамға қажетті және еңбек нарығының сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін мамандық таңдауы тиіс.

Осындай күрделі таңдау жолында тұрған әрбір жасөспірімдерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру көп көмегін тигізеді.
Осы орайда, мектеп басшылығымен келісе отырып, талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстары жоғары оқу орындарының жоспарында бар дәстүрлі науқан. Атап айтқанда, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде барлық факультеттер бойынша білім беру бағдарламаларын талапкерлерге насихаттау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Солардың қатарында, Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор – оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен жыл сайын кәсіби бағдар жұмысының арнайы он күндігі өткізіліп тұрады. Биылғы 2021-2022 оқу жылында да осы жұмыс тәртібі өз жалғасын тапты. Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы 2022 жылы қаңтар айының 20 – 29 күндері Тараз қаласындағы, Жуалы, Талас, Сарысу, Байзақ, Т. Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу аудандарының елді мекендерінің орта білім беру мектептерінің оқушыларымен ZOOM платформасында ашық есік күніне орайластырылған кездесулер өткізілді. Кәсіби бағдар жұмысына арналған ашық есік күнінде М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасарлары О. О. Қожан, Р. Р. Мақұлбековалар әрбір іс-шараға қатысып, талапкерлерге университеттерге гранттық бағдарламамен оқуға түсудің шарттарымен, ҰБТ кезінде қойылатын талаптармен, өзіміздің университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, әртүрлі сұрақтар төңірегінде жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ, кафедраның оқытушылары да талапкерлерге жаратылыстану бағытындағы мамандықтар, оның ішінде химия саласының келешектегі қоғамда алатын орны, бағасы туралы толықтай ақпараттар бере отырып, кафедраның жетістіктерімен, ғылыми зерттеу орталығы туралы ақпараттарды орта салып, білім беру бағдарламаларымен толық қанды таныстырды және арнайы әзірленген презентациялық материалдар мен бейне роликтерді талапкерлер назарына ұсынды. Сонымен қатар кездесу барысында кафедрадағы білім алушылар: 1 курс 7М05311 Химия білім беру бағдарламасының магистранты Рахметкулқызы Мөлдір, 2 курс 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының үздік студенттері Тоқмаханбет Ақназ, Бахтиярқызы Диана, Хидирбаева Жадыра, Әуесхан Ағарыс, Тажикулова Айымдар ат салысып өз ойларын білдірді және талапкерлерді аталған білім беру бағдарламаларына оқуға түсуді насихаттады.

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы

 

Comments (0)
Add Comment