#BіzBіrgemіz

Коронавирус пандемиясымен күресу және алдын алу мақсатында елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты өңірде «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» республикалық акциясы басталды.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары бойынша ұйымдастырылған акция аясында көмекке мұқтаж отбасыларға антисептикалық құралдар, медициналық маска және басқа да бірінші кезекте қажетті азық-түлік қораптарымен қамтамасыз етілуде. Осы мақсатта Тараз қаласы мен аудандардағы көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі жасалынып, партия Тараз қалалық, аудандық филиалдарының бастауыш партия ұйымдарынан, партияның облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардағы депутаттық фракциясының мүшелерінен, жеке кәсіпкерлерден әр отбасыға қажетті қаржы жинақталды. Бүгінгі күнге Тараз қаласы мен аудандардағы 660 отбасыға көрсетілген көмектің жалпы сомасы 13 860 000 теңгені құрап отыр. Игілікті акция аясында алдағы күндері 350 отбасыға көмек беру жоспарлануда.
Сонымен қатар карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызілікті қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін партия Жамбыл облыстық, Тараз қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударып, қиын шақта бұқараға барынша қолдау білдіруде.
Атаулы көмекті алатындардың санатына жалғызілікті қарттар, аз қамтылған көпбалалы, толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар жандар енгізілген. Бұл санаттағы отбасылардың тізімі партия филиалдарына көмек сұрап келгендер мен жергілікті атқарушы органдарда тіркелгендер базасынан жасалған. Тізім бойынша әрқайсысына гигиеналық заттар мен азық-түлік қораптары жинақталған арнайы әлеуметтік пакет әзірленді. Партия мүшелері облыстық және аумақтық филиалдары медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алуды ұйымдастырды. Бұл заттар мен коронавирустың алдын алу бойынша сақтық шаралары жазылған флаерлер партиялықтар мен партия филиалдары жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері арқылы тұрғындардың мұқтаж әлеуметтік осал топтарының мекенжайларына сәйкес байланыссыз тарату жолымен үлестірілді. Аталған формат «Есіктен есікке» жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге Тараз қаласында 60, әр ауданда 30-дан ерікті жастардан топтар құрылған. Ерікті жастар әлемді жаулаған індеттің өңірде алдын алу мақсатындағы жұмыстарға осылайша белсенді түрде атсалысуда.

Comments (0)
Add Comment