«Біз қылмысқа қарсымыз!»

Тараз қаласының прокуратурасы және Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Біз қылмысқа қарсымыз!» атты кең көлемді спорттық шара өтті.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды салауатты өмір салтына, спортқа баулуды мақсат еткен жарыс құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстық әрекеттерге қарсы азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды.

Тартысты өткен турнирге Тараз қаласының №1, 2 және 3 пробация қызметтерінің есебінде тұрған жастар қатысып, гір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату, дартс сынды ұлттық және заманауи спорт түрлерінен сайысқа түсті. Әр ойын қызықты өтіп, қатысушылар өздерінің шымырлығын, ептілігін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Тұрлыхан Камал,

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

«Жастар ресурстық орталығы» КММ

директорының міндетін атқарушы

Comments (0)
Add Comment