Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл 11 айда атқарылған жұмыс туралы ел алдында есеп берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 11 айда 12 055 төтенше жағдай тіркелді. Құтқарушылар 11 233 адамды апаттан аман алып қалды.
Биыл апат салдарынан зардап шеккендер 5,5%-ға көбейді. 2021 жылы 1 736 адам (былтыр – 1 645) зардап шеккен. Қаза тапқандардың саны 14,5%-ға көбейген. Биыл 838 адам (2020 жылы – 732) көз жұмды.
Оның ішінде, газ баллоны жарылып, Нұр-Сұлтанда – 2, Петропавлда 2 адам қаза тапты. Ақмола облысы Шортанды ауданында 6 адам, оның ішінде үш бала көз жұмды.