2022 жылғы 11 ай ішінде елімізде барлық типтегі 99,2 мың көлік құрастырылған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9%-ға артық, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстандық автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сүйенсек, өндірілген өнімнің жалпы құны 1,03 трлн теңгеге жеткен.
Көлік құрастыру бойынша Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты (60 мың автомобиль, +20%), Алматы Hyundai Trans Kazakhstan (33,2 мың автомобиль, +46,8%) және «СемАЗ» (2,1 мың дана коммерциялық техника) көш бастап тұр.
«Экспортты қоса алғанда, қазақстандық кәсіпорындар құрастырған ең танымал брендтердің бестігіне Chevrolet (34 360 дана), Hyundai (33 223), Kia (13 384), JAC (6400) және Lada (4877) кіреді. Ең танымал модельдер – Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia», – деп жазылған қауымдастықтың ресми мәлімдемесінде.