Биыл Таразда  76 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату жоспарлануда

Жыл өткен сайын қала көшелері самаладай жарқырауда. 2023 жылғы жоспарға сәйкес, 500 млн теңгеге 68 көшедегі темірбетонды бағаналарға түнгі жарық шамдарын орнатылған. Одан бөлек, үнемделген қаражат есебінен қосымша 15 көшеге түнгі жарық шамдары қойылып, жалпы 83 көше жарықтандырылған. Енді биыл 76 көшеге түнгі жарық шамдарын орнату жоспарлануда.

Comments (0)
Add Comment