Биыл студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі

  Білім және ғылым министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетінін мәлімдеді, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің ақпартынша, шәкіртақы мөлшері бакалаврларда – 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда – 15%-ға артады.

 «Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар – 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы – 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы – 195 000 теңгеге дейін өседі», – деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Comments (0)
Add Comment