Биыл шаһарда 95 көше жөнделеді

Тараздықтардың жиі қозғайтын мәселесінің бірі – жолдың жағдайы. Дегенмен, соңғы үш жылда облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Өйткені, қаланы дамытудың үш жылдық жоспарында аталмыш мәселеге баса назар аударылған.

Расында, шаһардың сәулеті мен ажарын айшықтап тұратын басты бейнелі көрінісі осы жолдың жайы екені жасырын емес. Шаһардың сән-салтанатынан бөлек, қатынастың қолайлылығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі және көлік қозғалысының діттеген бағытына уақытында жетуі де жол сапасына тығыз байланысты. Сол себепті де қала әкімі Бақытжан Орынбеков қызметіне тағайындалған сәттен бастап шаһар жолдарының тақтайдай тегіс болуына ерекше назар аударып келеді.

Соның нақты бір көрінісі – биыл Таразда 61,4 шақырымды құрайтын 95 көше мен бұрылыс, тұйықтарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде оның 37-сінде құрылыс жұмыстары қарқын алып отыр. Сонымен қатар 100 көшеге шағалтас төселіп, 20 тұрғын алқапта 35 шақырымға жуық жаяу жүргінші жолдары жаңартылады.

Comments (0)
Add Comment