Биыл қанша тұрғын үй жаңғыртылуда?

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте cан саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Бүгінде Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1406 көппәтерлі тұрғын үй бар болса, оның 151-і жөндеуді қажет етеді екен. Соған орай биыл республикалық бюджет есебінен қала аумағындағы 50 көппәтерлі тұрғын үй модернизациядан өтуде. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы аяқталған.

Ал Тараз қалалық білім бөліміне қарасты 112 білім мекемесі бар. Оның 61-і мектеп, 45-і балабақша.Балаларды қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Білім мекемелері 100 пайыз ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні 61 камера істен шыққан Ағымдағы жылы бейнебақылау камераларын жаңартуға қаражат қойылмаған. Сондықтан 2023 жылы істен шыққан аналогтық камераларды цифрлық камераларға ауыстыру жұмыстары жүргізілмек.

Тағы бір мәселе, қалада 630-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істейді. Жуапты бөлім тарапынан шаһардағы ірі сауда орталықтарына апта сайын мониторинг жүргізіліп, талдау жасалуда. Ағымдағы жыл басынан бері 11 ішкі сауда субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлғаға ескерту және 1 жеке кәсіпкерге айыппұл салынған.

Жиын барысында «Республика күні» мерекесіне орай өтетін іс-шаралар жоспары да әзірленіп, бекітілді. Мереке қарсаңында жоспар бойынша 20-дан аса іс – шара ұйымдастыруда жоспарлануда. Атап айтқанда, қаланың шет аумағында орналасқан тұрғындарға мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында автокеруендер, төмендетілген бағадағы жәрмеңкелер, жұмыспен қамту саласындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары өтеді.

Жиын соңында шаһар басшысы әр саладағы жауаптыларға өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, жұмысты тез арада жетілдіру керектігін тапсырды.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment