Бірнеше өңірде күн суытып, үсік жүреді

  Еліміздің кейбір өңірінде ауа райы суытып, үсік жүреді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстанның кей аймағында ауа температурасы екі градусқа дейін төмендейді. Ел астанасы мен Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында да күн күрт суытады. Солтүстікте жауын жауып, арты қарға ұласады. Маңғыстау мен Түркістан облыстарында нөсер құяды. Күнгейдегі бірнеше өңірде өрт қаупі сақталады.

Comments (0)
Add Comment