Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқаны туралы, ұлттық бірлік пен келісімді, қоғамдық ынтымақтастық пен өзара қолдауды, достық дәстүрлерін жаңа ұрпаққа жеткізу.
Айтулы мерекеге арнайы жергілікті зиялы қауым өкілдері филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер Одақтарының мүшесі Меңдібай Әбілұлы, Қазақстан Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі – Каримова Диляром Тұрсынбайқызы, Тараз қаласы №2 орта мектеп директорының орынбасары Осенняя Вера Михайловна, М.Х.Дулати Тараз университеті Тарих факультетінің 4 курс студенті Әшірхан Құттыбек, Тараз мамандырылған колледж және «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің білім алушылары қатысып, тақырыпқа сай өз пікірлерін, ойларын жеткізді.
Іс-шара соңын кітапхананың әнші қыздары әсем әуенмен тәмәмдап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Comments (0)
Add Comment