Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Бұған негіз болған 18-қазан Рухани келісім күні.
Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат – еліміздегі түрлі конфессия мен өзге ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату.
Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр.
Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.
Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты.
Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Көп ұлтты мемлекет қалыптастыру біздің кемшілігіміз емес, керісінше кеңдігіміз деп білеміз. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы Қазақстандағы дінаралық келісім үлгісін айқын көрсетеді.
Қазақ Елі ту көтеріп тәуелсіздік алғалы еліміздегі дінаралық қатынас саласында мемлекеттік саралы саясат жүргізіп келеді. Дінаралық келісім мен толеранттылық азаматтық бейбітшіліктің негізі. Мемлекетіміздегі әлеуметтік прогрестің маңызды факторы болып есептеледі. Тең құқыққа және міндетке ие барлық діни бірлестіктер, діни сенімдеріне қарамастан, жасаған құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдында бірдей жауап береді.
Талғат Тойшибаев, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі