Бірлескен іс-шара өткізілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында бастау алған акция бүгінде өз жалғасын тауып келеді.

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар және № 8 өрт сөндіру бөлімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Байзақ газ учаскесінің бөлімшесі, Байзақ аудандық ЖЭС, Сарыкемер ауылдық округі әкімшілігі, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еріктілері бірлескен іс-шара өткізді.

Шара барысында Сарыкемер ауылының тұрғындарына жылыту маусымы кезеңінде «Улы газдан уланудың алдын алу», «Жылыту құралдарын пайдалану»,  «Жем-шөп жинау орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау», «Балаларды қараусыз қалдырмау» тақырыптары бойынша ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар профилактикалық жұмыстар барысында тұрғындардың жылыту пештерінен анықталған ақаулықтар «ҚазТрансГаз Аймақ» Байзақ газ учаскесі бөлімшесінің қызметкерлерімен толықтай жойылды.

– Бүгін байзақтық ерікті жастар Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар және № 8 өрт сөндіру бөлімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Байзақ газ учаскесінің бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесіп өткізіліп жатқан ауқымды шараға белсене атсалысуда. Әрбір тұрғын үйлерге жеке жеке кіріп, жылыту маусымына байланысты кеңінен түсіндіру жұмыстары жүруде. Жастар жылыту маусымына арналған қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар таратуда, – дейді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Әділет Сергеев.

2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторларында өрт профилактикасын жүргізу  жоспарына сәйкес, Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен әлеуметтік осал азаматтардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің өрт профилактикалық жұмысқа мұқтаж 318 тұрғын үйдің тізімі қалыптастырылып, тұрғын үй  коммуналдық шаруашылық сала қызметкерлерімен, полиция бөлімі және Байзақ ауданы жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

Comments (0)
Add Comment