Біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы тиіс?

Бүгін – Білім күні. Бұл – жастар мен жеткіншектер үлкен үмітпен арманға жетер жолда маңызды қадам жасайтын күн. Тура осы күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялауын – көпшілік жақсылыққа жорыды. Жолдауда айқындалған бағыт-бағдарлар ертеңге деген сенімді нығайтады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғаны, рас. Ендігі қадам – саяси жаңғыруларды экономикалық өзгерістерге ұластыру. Президент Жолдауда бірқатар ауыз толтырып айтатындай, оң өзгерістерді атап шықты. Біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы тиістінің айқындап берді.

Мысалы, алдағы уақытта арнайы қор құрылып, 18 жасқа дейін балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша аударылып отырады.Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін оны үй алуға, оқуға жұмсай алады.

Енгізілген өзгерістер бойынша Ата Заңдағы 6-бапта «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халық меншігінде. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп айқындалғаны белгілі.Мемлекет басшысы: «Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды», деп атап өтті Жолдауда.

Сондай-ақ жыл соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғанына тоқталды. Осылайша, игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайтынын айтты.

Президент Жолдауда бұдан басқа да бірқатар маңызды әлеуметтік өзгерістерді атап өтті. Ол – ең төменгі жалақының мөлшерінің 70 мыңға дейін өсетіні, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеттік жасын 61 жасқа дейін төмендейтіні, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлемдердің 1,5 жылға дейін төленетіні секілді әлеуметтік маңызы бар жаңалықтар.Сонымен қатар, 100 мың жасты жұмыспен қамту туралы шешімі 100 мың отбасына үміт сыйлағанын айту керек.

Президент Үкіметке мемлекетті дамытуға, халықтың әл ауқатын жақсаруғақатысты көптеген тапсырма берді. Міндет айқындалғанымен, жұмыстардың нәтижесіз жүріп жатқанын айтып, Үкіметтің өткен жұмысына көңілі толмайтындығын білдірді. Осылай жалғаса берсе маңызды кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетінін ескертті.

Үкімет Президенттін ескертуін дұрыс қабылдап, осы Жолдауда аталған Президент бастамаларын жүзеге асырады деп үміттенеміз.

 

Гауһар Мұратова,
Дулати университеті

Ақпараттық технологиялар
факультетінің деканы.

 

Comments (0)
Add Comment