Бүгін елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум басталды. Мемлекет үшін ең маңызды шешім қабылдау үшін таң атысымен Тараз қаласы, Абай даңғылы, №138 мекенжайында орналасқан №28 дауыс беру учаскесіне келушілер қатары көп. Учаскеге бірінші болып келіп, дауыс бергендердің арасында Анар Тілепова да бар.
Ол еліміз үшін маңызды күнде ел болашағына бей-жай қарамайтындығын жеткізді. «Біздің жасаған таңдауымыз Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан мен ұлт пен ұрпақ болашағы үшін Президент бастамасын қолдап дауыс бердім», – дейді ол.
Өз кезегінде №28 дауыс беру учаскесі алғаш болып дауыс берген тұрғынға арнайы сыйлық табыстады.
Айта кетейік, өңірімізде таңғы сағат 7:00-лен бастап дауыс беруге арналған 508 референдум учаскесі өз жұмысын бастады.