Ұлттық валюта жарты жылда өзінің ең төменгі мәніне жетті. Доллар бағамы сәуір айынан бастап алғаш рет 430 теңгеге дейін өсті. Елордадағы айырбастау орындарында шетел валютасының құны 434-ке жетеді: Ұлттық Банк мұнайдың арзандауы мен халықаралық жағдайға байланысты осылай болып жатқанын түсіндірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Мұнай котировкалары Байден әкімшілігінің мұнай бағасының өсуін тежеу жөніндегі ықтимал шаралары, сондай-ақ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен халықаралық энергетикалық агенттіктің мұнай нарығында артық ұсыныстың жақында пайда болуы туралы болжамдары аясында соңғы 7 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштерден 5%-ға артық төмендеді”, – деді ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.
Сарапшылар ұлттық валютаның одан әрі әлсіреуін болжайды.
Экономист Арман Байғанов жыл соңына дейін теңге 440-қа дейін түсуі мүмкін деп есептейді.
Болжам мұнайдың одан әрі арзандауымен және пандемиядан кейін АҚШ экономикасының қалпына келуімен түсіндіріледі.
“Қатты көтерілмейді. Жыл соңына дейін америкалық доллармен салыстырғанда 430-440 теңге шамасында 1-ден 3 пайызға дейін әлсіреу болуы мүмкін”, – дейді Арман Байғанова.