Кеше Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.
Басқосудың күн тәртібінде «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №21-2, «Тараз қаласында 2023 – 2024 жылдарға арналған «Тараз – қауіпсіз қала» жобасын іске асыру іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсанындағы №21-5, «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасады.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияны қорытындылаған қала әкімі мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті жұмыстарға қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғысын жеткізді.
Жұматай Көксубай