Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары, педагогтер мен қоғамдық бірлестік өкілдері бар.
Аймақ басшысы түрлі сала өкілдеріне елеулі әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.