Бір атаның балалары футбол ойнайды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кіші футболдан «БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ» атты жанұялық командалар арасындағы ашық облыстық турнир басталды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Аталған ойынның ашылу салтанатына Республика аумағы бойынша бірнеше қонақтармен қала тұрғындары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы салтанатты түрде ашты.
Сөз соңында, жанұялық футбол клубының президенті, ҚР «Ауыл спорты қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кіші футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жанұялық командалар арасындағы жарыстың авторы Несіп Жүнісбайұлы жарысқа қатысушыларға деген тілегін білдірді.
Бүгінгі турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан барлығы 48 жанұялық командалар қатысып бақтарын сынауда.

 

Comments (0)
Add Comment