Білім саласының мамандарымен бас қосты

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында қалалық білім бөлімінің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Кеңес білім беру нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және судағы қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Басқарма мамандары атап өткендей, ағымдағы жылдың басында қала аумағында 105 өрт тіркелді. Кездесу басында Тараз қаласы ТЖ басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Дархан Қалдырбек қатысушыларды нысандардағы өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларымен және өрттердің пайда болуының жиі кездесетін себептерімен таныстырды, сондай-ақ қатысушыларға ТЖ алдын алу және жою бойынша заманауи жобаларды енгізуге, сондай-ақ халықты ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үйретуге бағытталған одан әрі ынтымақ-тастықтың нұсқалары мен тақырыптары ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында Тараз қаласы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Аскер Сарбатов тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен байланысты жазатайым оқиғалар мен оқиғалардың алдын алу және шомылу маусымында қайғылы оқиғаларына жол бермеу мақсатында, статистика мен қауіпсіздік ережелерін еске салды. Кездесу соңында қызметкерлер қатысушыларға өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратты.

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Comments (0)
Add Comment