Білім беру саласының қызметкерлері 1 млрд теңге жымқырған

Антикор мәліметінше, 2024 жылдың 7 ақпанында Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды.

Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

qaz365.kz

Comments (0)
Add Comment