Өзбекстанның Самарқан қаласында сыни ақпарат таратқан журналистермен қоса блогерлер де биліктен сыйақы алады, деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті әкім Эркінжон Турдимов мәлімдеді. Ол қоғамдағы кез келген өзекті мәселеге халықтың бей-жай қарамайтынына сенімді. Сондықтан оларды атқарушы билікке батыл сын айтуға шақырып отыр.
«Мәселен, сауда орнында сапасыз ет сатылса, онда сол жердің санитарлық қадағалау мекемесінің басшысы жұмыстан кетеді. Ал саудагер халықтың алдында ар-ұятынан айырылады», – дейді ол.
Әкімнің айтуынша, сыйақы 15 ақпаннан бастап беріледі және қаражат жауапқа тартылатын шенеунік есебінен төленеді.