Биікке жетелейтін басты құжат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Күмәнді көрсеткішке алданбаймыз», – деді. Бұл дегенің әр істі көзбен көріп, қолмен ұстауды талап етеді. Ең бастысы, халықтың жүйкесін жұқартқан жалғандық емес, өтірік сандар мен бюрократияның жолы кесіледі дегенді білдіреді.

Негізінде Жолдау халықтың өткенін саралап, болашағын бағамдау үшін жарияланатыны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғалы қаншама құнды құжат халық назарына ұсынылды. Кез келген мемлекет буыны қатайып, елдігі нығайған сайын бұл үрдістің де маңызы арта түсері сөзсіз. Дегенмен Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының жөні бөлек, маңызы ерекше. Әсіресе қаңтар оқиғасынан кейін үміт пен күдік араласқан кезеңде бұл құжат ел болашағына бағыт сілтеді. Өтпелі кезеңде тұрған жұртымыз үшін де үлкен мәнге ие болып, ерекше ықыласын тудырды. Өйткені мұның артында бүтін бір мемлекеттің, ондағы әрбір азаматтың келешегі жатыр.
Кез келген Жолдау өзінің орындалуымен құнды. Бұл тұрғыда ешкімнің талас тудыра алмасы анық. Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың келешегі үшін ғана емес, бүгіні үшін де батыл қадамдар жасауда. Оның шапағаты мәдениет саласының да мамандарына тиді. Мәселен, Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында: «Біз мәдениет саласында қызмет істейтін азаматтарға тиісті көңіл бөлмей келеміз. Бұл ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлері мен артистерге қатысты. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары іс жүзінде өскен жоқ», – деп атап өткен болатын. Бұл сөз күйінде ғана қалып қоймай, сала мамандарының жалақысын көтеру кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Наурыздағы Жолдауды оқыған әрбір адамның сенімділік пайда бола түседі. Себебі Президенттің Жаңа Қазақстанды құрудағы сүйенген қағидасы – ашықтық пен адалдық. Сондай-ақ жаңа облыстарды құру туралы шешімі де дүйім жұртты тебірентті. Бұл өзгерістер Жаңа Қазақстанның кескін-келбетін айқындай түсеріне сенім мол. Одан өзге де партиялық жүйені дамыту, Конституциялық сот құру, Парламенттің рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті ілгерілету сынды көтерілген мәселелер еліміздің орнықты дамуына септігін тигізеді.
Ойымды қорытындылай келе, Президентіміздің тарапынан бастау алған саяси өзгерістерді қолдау – біздің азаматтық парызымыз деген пікірдемін. Себебі бірлік пен күш-қуатымызды еселеу бізді биіктерге жетелейді.

Ғалия АБЫЛАЙ,
облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы

Comments (0)
Add Comment