«Бес тіл меңгерген». Моңғолияның ең сұлу аруы таңдалды

2021 жылғы «Әлем аруы» халықаралық байқауында Моңғолияның атынан Ану Буртэ өнер көрсететін болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұлулық байқауының жеңімпазы Моңғол өнер және мәдениет университетін «педагог-хореограф және қоюшы» мамандығы бойынша тәмамдаған, ол ағылшын, жапон, неміс және қытай тілдерін меңгерген. Сонымен қатар, кәсіби түрде пластикалық этюдпен айналысады.

«Әлемдегі ең әдемі, ақылды және талантты қыздармен кездесуге асықпын. Мен әлемді Моңғолияның тарихы мен мәдениетімен таныстыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – деді Буртэ-Ужин.

«Әлем аруы» – 1951 жылдан бері өтіп келе жатқан ең көне сұлулық байқауы. Ол Ұлыбританияда пайда болып, планетаның ең танымал шараларының біріне айналды. Дәл сол жерде әлемдегі ең әдемі арулар өзінің сүйкімділігін, тапқырлығын және талантын көрсетеді. Байқаудың финалы 70-тен аса елде тікелей эфирде көрсетіледі, жалпы аудиториясы – екі миллиард адам.

Биыл «Әлем аруы» байқауы 16 желтоқсанда Пуэрто-Рикода өтеді.

Бұған дейін «Қазақстан аруы – 2021» жеңімпаздары анықталған болатын. Биыл байқау тарихында алғаш рет бас жүлде үш қызға бұйырды.

Comments (0)
Add Comment