Берері көп білім

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Сарысу ауданында іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.Тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін көрсету бағытында, мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», өзге этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы», «Абай оқулары», мемлекеттік қызметшілер арасында «Латынша оқып үйренейік», жас ақындар арасында «Тәуелсіздік тұғырым» жыр мүшайрасы, «Мемлекеттік тіл-мерейім» аудандық байқаулары өткізілді. Жыл соңына дейін түрлі форматтағы аудандық байқаулар жалғасын табады. Аудандық байқаудан жеңімпаз атанған үміткерлер облыстық, республикалық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтқанда: облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Латынша оқып үйренейік» байқауында М.Қадырбекова бас жүлдені иеленсе, облыстық өзге этнос өкілдері арасынан өткізілген «Абай оқулары» байқауында А.Савчук 1 – орын иеленді.

Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту: бүгін яғни, 8 қыркүйек ауданымызда «Латын әліпбиі-ел болашағы» жалпыхалықтық диктант акциясы болып өтті. Акцияға білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Аудандағы тұрғындар, жастар және мекеме қызметкерлеріне тұрақты түрде «Латын әліпбиіне көшу –өркениетті таңдау», «Латын әліпбиіне көшу-әлемдік өркениетке қадам басу», «Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғырудың бастауы» дөңгелек үстел, «Латын графикасы сауаттылық негіздері» атты семинар-тренингтер және жаппай диктант жазу акциялары өткізіліп келеді.
Сарысу аудандық Тiлдердi оқыту бөлімшесінде
2021 жылдың қыркүйек айына дейін 12 топ оқып шықты. Онда 6 топта 80 тыңдаушы мемлекттік тілді оқып, оқығаны жөніндегі арнайы сертификаттар берiлдi.
Aл қазіргі таңда, 7 топта 74 тыңдаушы мемлекеттік тілді, 1 топта 13 тыңдаушы ағылшын тілінде тіл үйренуде.

Салтанат Жақсыпейілова, Сарысу аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment