Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатынының алғашқы күнінде кездесу өткізген қазақстандық қос боксшы жеңіске қол жеткізді. Олар келесі кезеңге жолдама алған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Серік Теміржанов қазіргі Азия чемпионы Энкх-Амар Хархууды төрешілер шешімімен жеңді.
Жеңімпазды хабарлау кезінде қызықты оқиға болды. Төрешілер Теміржановтың бұрышын атағанымен, моңғолдық спортшының аты-жөнін айтқан. Алайда келесі кезеңге отандасымыз жолдама алды. Ол Азияның жастар арасындағы 2019 жылғы чемпионы, жапониялық Рейто Цуцумимен жұдырықтасады.
Жарыстың алғашқы күнінде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз – Абылайхан Жүсіпов те төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қазақстан құрамасының капитаны тайпейлік Лин Юді жеңген. Екінші айналымда ол венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесу өткізеді.