Алауыздықты қоздырғаны үшін сырттай сотталған белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол Киевтен ұшып келген сәтінде Алматы Халықаралық әуежайында қолға түскен.
«Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нарымбаев әлеуметтік желілер арқылы өзінің Қазақстанға келетінін, бірақ елге жеткен бетте-ақ әуежайда ұсталатынын мәлімдеген болатын. Бәрі сол айтқанындай болды.