Белгілі дзюдошыны пышақтап кеткен

Дүйсенбі күні кешкі уақытта Ташкентте белгілі өзбекстандық дзюдошыны пышақтап кетті,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай қылмысты спортшылардың бірі жасаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

«13 қыркүйек күні Ташкенттің Учтелин ауданында 1992 жылы дүниеге келген Камолиддин Расуловтың шала-жансар денесі табылды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталды», – дейді мемлекеттік прокуратураның өкілі.

Ұсталған күдіктінің үстінен «қасақана адам өлтіру» бойынша іс қозғалып отыр. Сот шешімімен қылмыс жасаған спортшы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Расулов 2012 жылы жастар арасында самбодан әлем чемпионы атанған. Дзюдодан 2019 жылы Ташкентте өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдесін иеленген.

Comments (0)
Add Comment