Бексұлтан қола жүлдемен оралды

Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Бәсекеде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің құрылыс бөлімінің 1-курс студенті Боранбек Бексұлтан қола жүлде иеленді.

Жарыстан жүлделі қайтқан спортшымен және бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұқтар Рысбекұлымен колледж ұжымы студенттермен кездесу ұйымдастырып, өткізілді. Кездесу барысында Азия біріншілігінің қола жүлдегері Бексұлтанды колледж директоры Дүйсенбек Абдраимов жеткен жетістігімен құттықтап, әкімшілік атынанан сыйлықтар табыс етті. Студенттер Бексұлтанның басқа жетістіктерімен танысып, ізгі тілектерімен бөлісті.

Салтанат Тастанова,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің бөлім меңгерушісі

Comments (0)
Add Comment