Бекем бірлік берекеге бастайды

Отанымыздың кемел келешегі – балаларды қолдау бірлігі бекем ел үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы әр сөзінде мұны назардан тыс қалдырған емес.

Еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының басты міндеттерін айқындап берген ел Президенті ең төменгі жалақыны көтеру, балаларға арналған ұлттық қор құру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, тағы басқа да қолға алынатын ауқымды тірліктерді тізіп берді. Әсіресе көпбалалы ана ретінде дүние есігін ашқан әр сәбидің шотына Ұлттық қордан қаражат аударылатынын естіп, қуанышымыз қойнымызға сыймады. Бұл қаражат бала 18-ге келгенше жиналып, кәмелетке толған кезде жиналған қаржыны оқуға не баспана алуға жұмсауға құқылы. Бұл біз секілді көпбалалы аналарға үлкен көмек болар еді.
20 қарашада сайлау өтіп, Президент тек бір мерзімдік 7 жылға сайланбақ. Бұл, әрине, үлкен саяси өзгерістерге бастайды. Осы арқылы алдағы Мемлекет басшылары да ел мен жердің алдындағы зор жауапкершілікті сезінетін болады.
Биылғы Жолдауда жаңалық өте көп. Бастысы, халықты қолдаудың шаралары іске асырылатын болса, әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып, экономикамыз қуатты бола түседі. Бұл тұрғыда ел бірлігін сақтау аса маңызды. Бұл жөнінде Президент жақсы айтты. Бірлігі жарасқан елдің келешегі кемел болатындығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, бірлігімізді нығайтуға үлес қосайық.

Ағла МҰҢЛЫҚ, көпбалалы ана

Comments (0)
Add Comment