Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді – БАҚ

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, 56 жастағы Бекболат Тілеухан жақында Ыстамбұлда 6 бөлмелі пәтер сатып алған. Онымен бірге осы мекенжайда 39 жастағы оның үшінші әйелі Жанна Тапенова тіркелген. Ерлі-зайыптылар бұл жерде алты баласымен тұратын көрінеді. Экс-депуттаттың әйелі Түркияға кетер алдында жақын туысының біріне өзіне тиесілі астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйдегі екі пәтер мен Шұбар ауданындағы жер үйді сатуды тапсырып кеткен.

Айта кетсек, Бекболат Тілеухан депутаттық өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Қазақстаннан кеткен болатын. Ораза кезінде Ыстамбұлда жүрген экс-депутат сол жердегі қандастарды жинап, ауызашар берген. Сондай-ақ Түркия президентінің ұлы Біләл Ердоғанмен кездескен. Экс-депутат әзірге Қазақстанға қайтпайтын секілді. Себебі ерлі-зайыпты Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Әзірге олар сонда ықтиярхатпен тұрып жатыр.

Comments (0)
Add Comment