Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін, әр халықтың мәдениеті, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «MART»сауда-ойын кешенінде 1 мамыр Халықаралық Ынтымақ күніне орай «Бейбітшілік – ел тірегі» этно кеш өткізді.
Этно-кеште қалалық білім бөліміне қарасты орта мектептерінен қазақ, өзбек, орыс, француз, грузин ұлт өкілдері өз ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді. Əр ұлттың өнері мен əн-билерін қала тұрғындары тамашалады. Этно кеште қалалық білім бөліміне қарасты қалалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен кітапхананың жас оқырмандары этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап, дәріптеді. Кеште «Шабыт» би ансамблі, «Веснушки» ансамблі өнер көрсетіп, ән шырқалды. Кеш соңында «Достық – шырағымыз» атты кітап көрмесі ұсынылды.