Бейбіт Әлібеков туған күнінде жиналған 10 миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсады

Кинопродюсер Құралай Анарбекова мұқтаж жандарға қолдан келсе, көмек көрсеткен дұрыс деп санайды. Алайда ол қайырымдылық жасамас бұрын, әбден тексеріп алу керек екенін айтады. Оның ойынша, жәрдем сұраушылар арасында аляқтар болуы да мүмкін. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

«Мен жазғандарға көмектеспеймін. Өйткені оны тексеріп, білу керек. Онсыз да өзіміздің көзіміз жетіп жүрген көмек сұрайтын жақындарымыз бар. Егер мүмкіндігіміз болса, әрине, көмектесеміз. Бірақ ғаламтордан келген хаттарға мен көңіл аудармаймын. Көп келеді», – дейді ол.

Скрипкашы Жәмиля Серкебаева: «Қайырымдылық жасағаныңды жұртқа жария етпеу керек», – деген ұстанымда. Мәселен, скрипкашы талай уақыттан бері жетімдер үйіне қолдау көрсетіп келген.

«Мысалы мен номер бірінші балалар үйіне жиі көмектесіп тұрамын. Балалармен бірге ойын да ойнап уақыт өткіземін. Оның бәрін жария ете бермеймін. Себебі ол менің өзім үшін маңызды. Қолымнан келгенше сыйлықтар мен қаржылай жәрдем беремін», – дейді ол.

«Өте ұят»: Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Жұлдызай Дүйсенбиева ашық-шашық киінетін шоу-бизнес өкілдерін сынға алды
Бейбіт Әлібеков болса, инстаграмдағы оқырмандарымен бірігіп игі істерімен айналысып жүр. Блогер тіпті өзінің туған күнін атап өтудің орнына, жақындарынан сыйлықты қаржылай алып, оны қайырымдылыққа берген.

«Мен өзімнің туған күнімнің құрметіне қайырымдылық жасадым. Ол мен үшін ең керемет сыйлық болды. Жақындарыңнан бағалы заттар алғанша, сол ақшаны мұқтаж жандарға беруді жөн көрдім. Мәселен, соңғы жасаған қайырылымдылықта біз 10 миллион теңге жинадық. Ол балаларға арналған жедел жәрдем көліктеріне кетеді», – дейді блогер.

Ауқымды желі жұлдызы ННН болса, жасаған жақсылығыңды жариялап, халық алдында есеп беру маңызды дейді. Ал өз қалтасынан шығарған сомманы блогер құпия ұстайды.

«Осы 2022-де қайырымдылықтан рекорд жасағым келіп жүр. Жеке жасағанымды көрсеткім келмейді, өйткені мақтанып жатқандай боламын. Халықпен жасағанда әрдайым көрсетіп жүремін. Жақында өзім жеке бизнесімді аштым. Менің үлесім толықтай қайырымдылыққа кетеді. Олай ешкім істеген жоқ әлі», – деді блогер.
ННН мұндай идеяның өзге әріптестеріне үлгі боларына сенімді.

Comments (0)
Add Comment