Бейбарыс сұлтан көшесіндегі көңілді кеш

Бүгінде Тараз қаласында «Көше күндері» жобасы бастау алды. Жоба аясында тұрғындар арасында қызықты сауалнамалар, кітап, қолөнер көрмелері, спорттық іс-шаралар, «Менің көшемнің тарихы» тақырыбында сауалнамалар жүргізілуде,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жарқын жоба бүгін «Құмшағал» шағын ауданындағы Бейбарыс сұлтан көшесінде жалғасын тапты. Кеш барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Әсіресе, Нұргүл Мусали, Мағжан Маралбек, Гүлдерайым Нұрмолдаева әуелеткен әндер көңіл төрінен орын алды.

Аталған жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, шаһардағы көшелерді қамтитын болады.

Comments (0)
Add Comment