Бауырлас қаламен берік байланыс

5-6 қазан күндері Қырғыз Республикасында ел Президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен Ош қаласының 3025 жылдығы кең көлемде аталып өтті.

Салтанатты шараға Тараз қаласынан барған делегация да арнайы қатысты. Делегация құрамында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Тойшибаев, «Тараз триосы» мен К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары бар.
Шара аясында Ош қаласының басшылығы делегация мүшелерін қабылдап, кездесу өткізді. Қабылдау барысында бауырлас қалалар арасындағы мәдени әлеуметтік, сауда-саттық байланыс мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Бұл игі шара бауырлас екі мемлекеттің арасындағы өзара достықты, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

«JT-ақпарат»

Comments (0)
Add Comment