Батыс Қазақстанда мал арасында вирус өршіді: Адамдар жаппай малды союда

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында аусыл вирусының өршуі анықталды, ол жануардан адамға берілуі мүмкін, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме беріп.

“Вирус жұқтырған жануарлар жем шайнай алмай, салмақ тастап жатыр. Кейбіреулер жайылымнан ауру болып келді, ауыздарынан көбік аққан. Жануарларды союға мәжбүр болдық. Менің күйеуім – ветеринар. Ол қалған жануарларды бөліп алып, ал ауруларын антибиотиктермен емдеді”, –дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Салтанат Нұрғалиева.

Ақтөбе облысының ветеринарлық басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров аусыл жұқтырған ірі қара малдың етін жеуге болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, Бестамақ әкімі Қанат Дәулеталиннің адамдар ауру жұқтырған малдың етін жейтінін білетіні хабарланған, алайда нақты қанша адам екені белгісіз.

Comments (0)
Add Comment