Батыр Жүкембаев Альваресті 70 секундта жеңді (Видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Хуан Хосе Мартинесті 70 секундта жеңді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек басталғаннан кейін 40 секунд өткенде қарсыласы нокдаунға түсіп үлгерді.

Жүкембаев үшін бұл жекпе-жек ағымдағы жылдың мамырында пуэрто-риколық Сабриэль Матиасты жеңгеннен кейінгі бірінші жекпе-жек болды.

Қазір 30 жастағы Жүкембаевтың еншісінде 19 жеңіс (15 нокаут) және бір жеңіліс бар.

Отыз бес жастағы мексикалық Мартинес мансабындағы 11-ші жеңіліске ұшырап, жетінші рет жеңіліске ұшырады. Оның да 28 жеңісі бар.

Айта кетейік, қазақстандық спортшының жекпе-жегі жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Артур Бетербиевтің америкалық Маркус Браунға қарсы жекпе-жегінің андеркартында өтті. Ресейлік балуан WBC және IBF титулдарын қорғады.

Comments (0)
Add Comment